Қазақстандық делегация Берлинде өтетін «Халықаралық жасыл апта-2009» көрме-жәрмеңкесіне қатысады

МАГДЕБУРГ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Ертең Берлинде «Жасыл апта-2009» халықаралық көрме-жәрмеңкесі салтанатты түрде ашылады,
None
None
оған әлемнің көптеген елдерінен ауыл шаруашылығы жетістіктері үлгілері қойылады. Қазақстанның ресми делегациясы бейсенбі күні келеді және көрмеде өз өнімдерін көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазақстандық делегация құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бар. Бұдан басқа, тәжірибе алмасу үшін Германияға бизнес-делегация келеді, оның құрамында аграрлық сектордың жетекші кәсіпорындарының өкілдері: «ҚазАгроИнновация» АҚ вице-президенті А.Төреханов, «Астана-Көгалдандыру» АҚ бас директоры Е.Нысанбаев, «Көкшетау минералды сулары» ЖШС директоры А.Әлиев және басқалар болмақ.Шара аясында «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ГФР тамақ, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқығын қорғау федералдық министрлігінің арасында қазақстан-неміс аграрлық диалогы» бірлескен мәлімдемесіне және оны жүзеге асыру келісіміне қол қойылмақ. Сонымен қатар қазақстандық бизнес-делегация Штутгартта Баден-Вюрттемберг федералдық жері ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездеседі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болады, Мюнхенде Бавариядағы Қазақстан экономикасы күндеріне қатысады.
Соңғы жаңалықтар