19:46, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстандық делегация Мюнхендегі «F.RE.E 2009» халықаралық туристік көрмесіне қатысты
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат – Қазақстанның Германиядағы жылын өткізу аясында ағымдағы жылғы ақпанның 26-сынан бастап наурыздың 2-сі аралығында Мюнхенде туризм саласын дамытудағы әлемдік үрдісті көрсететін «F.RE.E 2009» танымал халықаралық туристік дәстүрлі көрмесі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жақында салынған, алаңы 70 мың шаршы метр болатын «Neue Messe München» көрме кешенінде болып өткен көрмеге туризм саласының: туристік агенттіктердің, авиакомпаниялардың, қонақүйлердің, автомобильдерді жалдаушы-фирмалардың және т.б. іс жүзіндегі осы саланың барлық секторларының 1 500-ден астам өкілдері қатысты. Туристік сапарлар мен түрлі демалыстарды ұйымдастыру туралы шоу-бағдарламалар келушілердің үлкен қызығушылығын туғызды.Қазақстандық делегация Қазақстан Республикасының Бавариядағы консульдігімен бірлесе отырып «Альпі Тянь-Шаньды қарсы алады» деген айдармен стенд ұсынды, ол туризм саласындағы мамандар мен «F.RE.E 2009» келушілерінің үлкен қызығушылығын туғызды.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің және Қазақстан Республикасының Бавариядағы Құрметті консульдігінің қолдауымен көрме аясында бірқатар кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, Дүниежүзілік туристік ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізіліп, күзде Астанада өтетін ЮНЕСКО Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясына даярлық мәселелері талқыланды.