17:04, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қазақстандық делегация ТМД Экономикалық кеңесінің 43-ші отырысына қатысады
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстандық делегация қыркүйектің 11-інде Мәскеу қаласында өтетін ТМД Экономикалық кеңесінің 43-ші отырысына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, күн тәртібінде 20 мәселе қаралады. Олардың ішінде ТМД елдерінің инновация саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығының негізгі бағыттары, ТМД елдерінің энергетика саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы, ТМД-ға қатысушы елдердің АҚТҚ/ЖҚТБ күрес жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы, ТМД органдарының 2010 жылға арналған ортақ бюджеті туралы мәселелер бар.