Қазақстандық дипломаттар Катар опера театрында қабылдау ұйымдастырды

ӘБУ-ДАБИ-ДОХА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Дохада (Катар) «Katara Cultural Village» мәдени орталығының опера театрында Қазақстан Елшілігі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
None
None

Шараға Катар мемлекетінің саяси элита өкілдері, бизнесмендері, Әділет министрі Хасан бен Лахдан Сакр Аль Моханнади, орталық банк төрағасы шейх Абдалла бен Сауд Аль Тани, «Katara Cultural Village» бас менеджері Халид бен Ибрагим Аль Сулайти, Катар мемлекеттік органдарының жоғары лауазымды өкілдері, Катарда аккредиттелген дипломатиялық өкілдік басшылары, әскери, мәдени, ғылыми қоғам өкілдері мен БАҚ және қазақ диаспорасы қатысты.

Қабылдауға келген қонақтар назарына заманауи Қазақстанның қалыптасу тарихы жайлы арнайы фотокөрме мен «Астана ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесі, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі, Алматыда өтетін 28-ші Универсиада секілді ҚР негізгі бастамалары және өзге де саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы еліміздің жетістіктері туралы бейнероликтер ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаев қонақтарға өз сөзінде Қазақстанның тұрақты ішкі саяси жүйесі, заманауи экономикалық және қаржылық институттары, ауқымды білім беру және мәдени жобалары және ең бастысы халықтың әл-ауқатының артуын қамтамасыз еткен көпвекторлы ішкі саясаты және халықаралық аренада абырой-беделі бар тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып үлгергенін атап өтті. Елші Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қабылдаған басты шешімдері мен ұстанымдарын ерекше атап өтті.  

Соңғы жаңалықтар