Қазақстандық инвестор өзінің құқығын қорғауда

БІШКЕК. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – Кеше Бішкекте болып өткен Қырғызстандағы Қазақстандық инвесторлар қауымдастығының және негізгі акционері Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты болып табылатын «Құрментыцемент» зауытының өкілдері қатысқан баспасөз мәслихаты
None
None
28 миллион доллар сомада қаржы салынған инвестициялық жобаның тоқтатылуы туралы мәселеге арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кәсіпорынның бұрынғы меншік иесінің қиянатшыл қызметінің салдары себеп болған сот дау-дамайы негізгі акционерге жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік бермей отыр. Осы елдің экономикасына 2009 жылы келген қазақстандық бизнесмендер, Орталық Азияның барлық аймағында баламасы жоқ жаңа цемент желісі үшін жабдықтар лизингісі шартымен ұсынылатын жеке секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясымен 2008 жылғы желтоқсанда шартқа қол қойған болатын. Алайда лизингке қол жеткізу үшін зауыттың мүліктік кешенін кепілге қою талап етілуде. Оған Қырғыз Республикасының мемлекеттік тіркеу мекемесі қарсылық танытып отыр , себебі «Құрментыцемент» акционерлері кәсіпорынның бұрынғы меншік иесінің несиелік борыштары бойынша соттасуда. Қазақстандық инвесторлар қауымдастығының төрағасы Бақытбек Желдібаевтың ақпараты бойынша, 28 миллион доллар сома инвестициялық жобаны іске асыру тоқтатылған жағдайда қазақстандық инвесторлар арқылы тек акционерлер ғана емес өндірісте жұмыс істейтін төрт жүзге жуық қырғыз азаматтары да зиян шегеді. Олар жұмыс орындарынан айрылады, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында бұған жол бермеуге барынша тырысып баққан жөн.Қалай болған жағдайда да мүдделі тараптар екі жаққа да тиімді ымыраға келуге ұмтылулары тиіс.
Соңғы жаңалықтар