Қазақстандық кәсіпкер Парижде Наполеон Бонапарт құрған қауымдастықтың марапатына ие болды

деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған қауымдастық 1801 жылы Франция мемлекетінің бірінші Консулы Наполеон Бонапарттың бастауымен құрылған. Осындай марапаттың алғашқы иегерінің бірі 1869 жылы белгілі сәулетші Густаво Эйфель, белгілі қолөнер шебері Луи Пастер, Францияның және басқа да дамыған мемлекеттердің ғалымдары, өнеркәсіп өкілдері және басқа да саладағы белгілі тұлғалар болған. 2000 жылдан бастап «SEIN» наградасымен ТМД елдерінде ерекшеленген тұлғаларды жыл сайын марапатайтын болды. Осы жылы лауреаттардың арасында Қазақстан мен Ресейдің медицина саласы өкілдері алдыңғы қатарда болды.
«Мен осындай әйгілі тұлғалардың арасында, алтын медаль иегері атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл жоғары марапатты еншілеу - еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсеткеннің арқасы» - деді Амангелді Смаилов.
«SEIN» ұйымының «Алтын медалі» Франция тарихындағы жетістікке жеткен басшылардың қоғамдық марапатының бірі болып табылады. Амангелді Смаилов жас өнеркәсіпке басшылық еткен, үлкен жетістіктерге жеткен тұлға. «ЕNKI» ЖШС өзінің алғашқы тауарын 2010 жылы нарыққа шығарған болатын. Осы уақыт ішінде табыс көзін 1,5 млрд. теңгеге жеткізсе, ол ағымдағы жылдың төрт айы ішінде 600 млн. теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда «ЕNKI» Украина, Ресей мемлекеттерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, шет мемлекеттер нарығына бәсекеге қабілетті тауарларын шығаруда. Сонымен қатар, «ЕNKI» мен 80-ге жуық қазақстандық құрылыс компаниясы арасында тауарларды сатып алуға ұзақ мерзімдік келісімшарт жасалған. Оған қоса «ЕNKI» «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға да атсалысып келеді.