Қазақстандық «KazEOsat-1» жерсерігі Куру ғарыш айлағында - фоторепортаж
Airbus компаниясының ұшағы Францияның оңтүстігіндегі Тулуза қаласынан Гвианадағы ғарыш айлағына (Оңтүстік Америка) бағалы жүкті жеткізу үшін Атлант мұхитының үстінен ғана он сағаттан астам уақыт бойы ұшты (2-фото). 4-фото: Жүк контейнерінен KazEOSat-1 серігін жеткізу.
5-фото: KazEOSat-1 серігін тасымалдау контейнеріне орнату 6-фото: KazEOSat-1 серігін S1 ғимаратынан S5A таза бөлмеге тасымалдау
7-фото: KazEOSat-1 серігінің қозғалтқыш қондырғысының багы гидрозинмен толтырылуда
8-фото: KazEOSat-1 ғарыш аппаратының ұшу алдындағы дайындығына ADS Germany май құюшылар командасы мен қазақстандық инженер Темірхан Әлібай қатысты.
9-фото: RUAG (Швейцария) компаниясының мамандары ағызғышты дайындауда
10-фото: Әзірлеуші RUAG (Швейцария) компаниясының мамандары ағызғышты тазалауда
11-фото: S5A ғимаратының SAS тазалау бөлмесінде Arianespace (әзірлеуші - CASA, Испания) мамандары ұшу адаптерін дайындауда
12-фото: Таза бөлмеде ADS мамандары ұшу адаптерін орнатуға ҒА-ын дайындауда
13-фото: Адаптерге ҒА-ны орнату
14-фото: ҒА ажырату құрылғысын қосу
16-фото: Таза бөлмеде ADS компаниясының AIT командасымен ағызғышты орналастыру. ҒА барлық қорғаныс пленкалары мен жабдықтарды алып тастағаннан кейін ұшуға дайын тұр
17-фото: RUAG және Arianespace мамандарының ағызғышты жабу үрдісі
18-фото : Ағызғышты мықтап жабу
19-фото: Ұшыруға қатысушы команданың өкілі ретінде Т. Әлібай ағызғышқа дәстүрлі қолтаңба қалдырды
20-фото: Тасымалдаушы тіркеуішке орнату алдындағы ғарыштық бас бөлігі (ҒББ)
21-фото: Тасымалдау тіркеуішіне ҒББ-ны орнату
22-фото: Ұшыру кешеніне апарылмас бұрын бір айға жуық ғарыш аппараты монтаждау-сынақ корпусында тұрды
23-фото: S5A ғимаратынан «Вега» зымыран тасығышы тұрған ZLV ұшыру платформасына тасымалдау
24-фото: Куру ғарыш айлағының ZLV ұшыру платформасына ҒББ тасымалдау басталды
25, 26-фото: «Вега» ЗТ-дан ZLV ұшыру платформасына ҒББ тасымалдау
27 -фото: - ZLV ұшыру кешенінде ҒББ түсіру басталды
28-фото: KazEOSat-1 ҒА-мен ғарыш бас бөлігін ұшыру платформасының жоғарғы қабатына көтеруде
29-фото: ZLV платформасының жоғарғы қабаты
30-фото: ҒББ интерфейстерін және «Вега» ЗТ 4-ші сатысын түйістіруге дайындау
31-фото: ҒББ-ны түйістіруге көтеру
32-фото: ҒББ мен «Вега» ЗТ 4-ші сатысын түйістіру.
Еуропалық «Вега» зымыран тасығышын дайындау бойынша одан әрі жүргізілетін іс-шараларды RUAG, Arianespace және Avio (Италия) компаниялары жүзеге асырады.
33-фото (ескі мұрағаттан) Куру ғарыш айлағынан алғашқы қазақстандық KazEOSat-1 ЖҚБ серігімен еуропалық «Вега» зымыран тасығышын ұшыру 29 сәуірге Астана уақыты бойынша сағат 07. 35-ке жоспарланды.