Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық кеніштерді игерудегі қытайлық компаниялардың үлесі 25 пайыздан асып отыр - Қайрат Келімбетов

БЕЙЖІҢ.  Қыркүйектің 28-і.  ҚазАқпарат  /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстандық кеніштерді  игерудегі     қытайлық  компаниялардың  үлесі  25 пайыздан  асып      отыр.

Қазақстандық  кеніштерді игерудегі қытайлық  компаниялардың    үлесі   25 пайыздан  асып  отыр - Қайрат  Келімбетов

Бұл туралы       қыркүйектің 24-25-інде  Қытайға жасаған   жұмыс сапары барысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық  әл-ауқат қоры»    акционерлік  қоғамының басқарма төрағасы Қайрат  Келімбетов    мәлім етті.

Қазақстандық делегацияның  қытайлық  «CNPC»  компаниясының басшылығымен болған  кездесуі  барысында  тараптар  мұнай-газ  саласындағы    энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін,  сондай-ақ бірлескен  жобалардың жүзеге асырылу  барысын   талқылады.

Атап айтқанда,  Қ.Келімбетов  мұнай-газ   саласындағы  екіжақты қарым-қатынастың   дамуындағы оң    динамиканы атап көрсетті. «Қазақстандық  кеніштерді игерудегі   қытайлық  компаниялардың ролі  маңызды, себебі  олардың    өндіру   үлесі 25 пайыздан  асып  отыр.   Алдағы уақытта  да  Қазақстан  «CNPC»  компаниясының  сенімді  серіктестерінің бірі  болып қала береді»,  деп  атап көрсетті Қ.Келімбетов   өз сөзінде.

Қазақстан  Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылдың сәуір айында  Қытайға жасаған  мемлекеттік сапары  барысында  қол жеткізілген  келісімдерді  жүзеге асыру   және  қаржылық ынтымақтастықты  әрі  қарай  нығайту мақсатында,   «Самұрық-Қазына» Ұлттық  әл-ауқат қоры»    акционерлік  қоғамының делегациясы қыркүйектің 24-25-інде     Бейжіңге    жұмыс сапарын жасаған   болатын.   Делегацияны   қордың  басқарма  төрағасы    Қайрат  Келімбетов бастап барды.