Қазақстандық омбудсмен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ гендерлік мәслелер жөніндегі кеңесшісімен кездесті

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Вячеслав Калюжный ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының Гендерлік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Айла ван Хилмен кездесті, омбудсменнің баспасөз қызметі.

Қазақстандық омбудсмен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ гендерлік мәслелер жөніндегі кеңесшісімен кездесті

Кездесу барысында омбудсмен офисі мен ДИАҚБ/ЕҚЫҰ әйелдер құқықтары мен гендерлік теңдікті қорғау және ілгерілету мәселелері бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ван Хил ханым әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы омбудсмен офисі қызметінің негізгі бағыттарымен, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара әрекеттесуімен, гендерлік заңнаманы, аталған мәселелер бойынша халықаралық құқық қорғау құрылымдарымен өзара әрекеттесуін жетілдірумен танысты.

Тараптар өнімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту қажеттілігі туралы ортақ пікірін білдірді.