Қазақстандық омбудсмен мен Польша елшісі гуманитарлық өлшем мен адам құқығын қорғау саласын талқылады

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Яцек Ключковскимен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды омбудсмен баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында елші Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау мекемесінің негізгі қызмет бағыттарымен танысып өтті.

Тараптар гуманитарлық өлшем мен адам құқығын қорғау саласында, соның ішінде бірлескен жобалар аясында екі елдің ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

Екі мемлекеттің ұлттық құқыққорғау институттары арасында тығыз байланыс орнатуға мүдделі екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар