11:36, 09 Қараша 2013 | GMT +5
Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қысқы маусымға орай жаттығу жиынын өткізеді
АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда төтенше жағдайларда қызмет ететін мамандардың біліктілігі біршама жоғарылады.

Бұл туралы кеше Алматыда өз жұмысын аяқтаған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының XIV конференциясында айтылды. «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 3 аптадан кейін қысқы маусымға дайындықтың республикалық жаттығу жиынын өткізеді. Қазіргі таңда өрт сөндірушілер мен құтқару қызметі кез келген төтенше жағдайда әрекет етуге сақадай-сай», - дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Бочко. Оның айтуынша, төтенше жағдайларда қызмет ету мекемелерінің техникалық жарақтануы да қазіргі таңда жолға қойылған. Енді өрт сөндіру мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру ісіне жергілікті атқару органдары да қатыса алады. Мәселен, биыл өрт сөндірушілер үшін 100 техника сатып алынды.