Қазақстандық пауэрлифтерші Гузаль Ергешева әлем чемпионатында «алтын» иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық пауэрлифтерші Гузаль Ергешева Канадада өткен аласа бойлы адамдарға арналған әлем чемпионатында «алтын» иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстандық пауэрлифтерші Гузаль Ергешева әлем чемпионатында «алтын» иеленді

Өзінің жеңісі жайлы Гузаль Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

«Жүзудегі дәрежем бойынша мен 25 м құлаштап жүзу және 50 м брасстан екінші орын алып, Испания құрамасымен 200 метрлік эстафетаның төртінші қатысушысы болғаныма қуаныштымын. Powerlifting-алтын!!!», - деген спортшы өз қуанышымен бөлісті.




Желі пайдаланушылары спортшыны құттықтап, алдағы уақытта жаңа жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.