Қазақстандық режиссерлер Голливудта өтетін әлемдік шоуға қатысады

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстандық режиссерлар Голливудта өтетін әлемдік шоуға қатысады, деп хабарлады қазақстандық тәуелсіз «Cinema Hotel Corporation» компаниясы.
None
None

NEW Hollywood Filmmaker - халықаралық конкурс және ойын-сауық бағдарламасы. Бұл шоудың мақсаты - индустрияға әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа дарынды кинорежиссерлерді тарта отырып, Голливудтың келбетін өзгерту болып табылады.

«Жобаға 10 елдің өкілдері қатысады, оның ішінде Қазақстан да бар. Қазақстандық 12 режиссер Голливудта 10 апта болады. Конкурстың бас жүлдесі - 2.5 миллион АҚШ доллары, оның жеңіп алған жүлдегер бұл ақшаға өз фильмін түсіруі керек»,- деп хабарлады кинокомпаниядан.

Конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін кандидатта толықметражды фильмнің дайын сценарийі болуы керек. Ал өтініш жоба туралы 2-3 минуттық бейнеролик түрінде берілуге міндетті. Конкурсқа студенттер қатыса алмайды. Үздік туындылардың авторлары Алматыға кастингке шақырылады. Кандидаттарды жергілікті атақты режиссерлер, жергілікті кинокомиссияның сарапшылары, сондай-ақ кинофестивальді ұйымдастырушылар бағалайтын болатын.

Алдымен, 2 апталық шоу, 12 қатысушы Голливудқа аттанғанша, жергілікті телеарналардың эфиріне шығады, бұл шара көрермендерге олармен танысуға мүмкіндік береді.

Ең қызығы Голливудта басталады, әр режиссерге атақты тәлімгер бекітіледі. Бағдарлама аптасына төрт рет трансляцияланады. Қатысушылар өтетін сынақтар көрсетіледі. Әр аптаның соңында олар төрешілердің бағаларын алып, бір адам бағдарламадан кетіп отырады. Конкурстың финалы Қазақстанда да тікелей эфирден көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар