Қазақстандық шаңғышылар спринт жарысында іріктеу сынынан өте алмай қалды - Ванкувер

bsp; Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Ванкувер Олимпиадасында шаңғы жарысынан классикалық спринтте төрт қазақстандық спортшы іріктеу сынынан өте алмай қалды.

Қазақстандық шаңғышылар    спринт  жарысында  іріктеу  сынынан   өте алмай қалды - Ванкувер

Sports.kz сайтының ақпараты бойынша, 1,4 шақырымдық квалификацияның мақсаты - ширек финалда өнер көрсететін үздік 30 спортшыны іріктеу болатын. Өкінішке қарай, бірде-бір қазақстандық спортшы қыз іріктеу сынынан өте алмады. Ширек финалға ең жақын деген Оксана Яцкаяның өзі мәре сызығын 32-ші болып кесті. Ал Елена Коломина 36-шы, Елена Антонова 45-ші, Марина Матросова 48-ші нәтиже көрсетті.