Қазақстандық шорттрекші «Азия балалары» ойындарының чемпионы атанды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық шорттрекші Мейіржан Төлеген Ресейдің Кемерово қаласында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан «Азия балалары» ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шорт-тректен БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Максим Лозовойдың мәлім еткеніндей, батысқазақстандық Мейіржан Төлеген бүгін 1 мың метр қашықтықта үздік шықты.

Тағы бір батысқазақстандық Мадияр Мадихов мәре сызығын үшінші болып қиды. Ол қола жүлдегер атанды.

Оралға қарасты Деркөл кентінде орналасқан олимпиада резерві облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9-сыныбында оқитын Мейіржан Төлеген бұдан бұрын 1500 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болған еді.


Шорттрекшілерді Ерхат Құбашев, Данабек Хайров, Максим Лозовой сынды жаттықтырушылар баптап апарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Азия балалары» ойындарында Қазақстан шорттрекшілерінің екі медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ «Азия балалары» ойындарында Қазақстан қоржынына тағы 2 медаль түсті.

«Азия балалары» ойындарында қазақстандық шорттрекшілер эстафетада тағы 2 медаль алды.


Соңғы жаңалықтар
telegram