«Азия балалары» ойындарында Қазақстан қоржынына тағы 2 медаль түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресейдің Кемерово қаласында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан «Азия балалары» ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандықтар Илья Мизерных пен Илья Шильников шаңғымен тұғырдан секіруде алдыңғы екі орынды өзара бөлісті.

Илья Мизерных 239,3 ұпаймен чемпион атанса, Илья Шильников (227,3 ұпай) күміс жүлдеге ие болды.

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар.

«Азия балалары» ойындары одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Азия балалары» ойындарында Қазақстан шорттрекшілерінің екі медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар