Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық спортшылар алға қойған міндеттерді барынша орындауы тиісті - Азия чемпионы, акробатикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері Оксана Борисюк

ТАРАЗ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Қазақстандық спортшылар алға қойған міндеттерді барынша орындауы тиісті. ҚазАқпарат тілшісімен болған сұхбатта жамбылдық бокс мектебінің тәбиеленушісі, облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығының орынбасары Оксана Борисюк осындай тілек білдірді.

Қазақстандық спортшылар алға қойған міндеттерді барынша орындауы тиісті - Азия чемпионы, акробатикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері Оксана Борисюк

Оның пікірінше, біздің спортшылар, ең алдымен, жеңіске психологиялық жағынан бейімделуі тиіс.

«Бұл әңгімелердің барлығы олимпиадалық медальдар жолындағы әлемдік сайыста алға суырылып шығудың қиындығына байланысты қозғалып отыр. Ешқандай алаңдаушылық танытпай, бар күшті толық жұмсау қажет. Өз қабілетіңді де, жаттықтырушылардың үйреткендерін де көрсете білу керек», - деді Оксана Борисюк.

«Олимпиада төрт жылда бір рет өткізіледі, сондықтан көптеген спортшылар үшін бұл өздерін көрсететін жалғыз ғана мүмкіндік болмақ. Сондықтан бар мүмкіндікті пайдаланған жөн», - деді ол.