Қазақстандық студенттер ОАР-ға Enactus бизнес-жобалардың әлемдік кубогына қатысуға барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Enactus Kazakhstan Expo 2015 жүзеге асқан бизнес-жобалардың ұлттық кубогының жеңімпазы - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің командасы әлемнің 36 елінің студенттерімен жарысып, 14-16 қазанда Йоханнесбургте (ОАР) EXPO 2017 көрмесін таныстырады.
None
None

Жетекші әлемдік компаниялар кәсіпкерлікті алға басу құралы ретінде пайдаланып, адамдардың өмірін жақсартатын талантты жастарды қолдайды.

Enactus (бұрын SIFE - Students In Free Enterprise) халықаралық бағдарламасы жастар кәсіпкерлігі мен әлеуметтік жобалар саласында тиімді өзара әрекеттестік үшін жастардың лидерлерін, жетекші бизнесмендер мен белсенді оқытушыларды біріктіреді.

ЖОО-да алған теориялық білімдерін іс жүзінде пайдаланған студенттер кәсіпкерлікке машықтанады, лидерлік қасиеттерін дамытады, бизнес этикасын меңгереді, қоғамның жауапты азаматы болуды үйренеді.

Жетекші отандық кәсіпкерлер мен шетелдік компаниялар жыл сайын студенттердің жобалық жұмыс нәтижесін бағалап, кадрлық резерв ретінде ҚР-дың 49 университетінің Enactus белсенділерін қарастырады. Жоба Мемлекет басшысының қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін және отандық бизнесті дамытуға қатысу белсенділігін арттыру бойынша тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған.

Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы, Raimbek компаниясының басшысы Райымбек Баталов: «Enactus аясында жұмыс істейтін менторлық институттар бизнес лидерлерінің жинақталған тәжірибесін жас ұрпаққа тапсыруға көмектеседі. Әлемде 60000-нан астам студент сәтті бизнес модельдері мен кәсіпкерлік тәсілді пайдаланып Enactus жобаларын жүзеге асырады», - деп атап өтті.

Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық факторларды ескерген жастар әлеуметтік аз қамтылған адамдарға білгенін үйрету арқылы олардың өмірін жақсартуға тырысады. Жобалық қызмет аясында студенттер өз кәсіпорындарын құрып, өзгелерге кәсіпкерлік негіздерін үйрету арқылы жәрдемдеседі. «Әлемдік статистикаға сәйкес, Enactus жобасының түлектерінің халықаралық бизнес, кәсіпкерлік және менеджмент саласында жолы болады: сексен пайызы ірі компанияларға жұмысқа орналасады, ал жиырма пайызы өз бизнесін ашады» - деді Enactus Kazakhstan президенті Альбина Ержанова.

Enactus аясында командалар жүзеге асыратын жобалардың негізгі бағыттары - бұл кәсіпкерлік, әлеуметтік даму, қоршаған ортаны қорғау.

Жобаларды бағалаудағы басты талап - кәсіпкерлік арқылы тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейін көтеру.

Байқаудың әлемдік кубогының қазылар алқасының мүшесі ірі халықаралық компаниялардың басшылары болады. Қазақстанды Enactus-пен жұмыс жасайтын Raimbek Group, KPMG, Филип Моррис Қазақстан, Молл "Aport", Norton Rose Fullbrigt компаниялары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін танытады. ҚазМЗУ командасының Әлемдік кубокқа дайындалуына университет басшылығы үлкен қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар