Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева олимпиада турнирінде жекелей сынға қатысудан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева олимпиадалық турнирде жекелей сынға қатысудан бас тартты.
«Бұл мен қабылдауға тура келген ең қиын шешім болды... Бірақ жарақатыма байланысты, Олимпиада ойындарында жекелей сынға қатысудан бас тартуға тура келді. Өзекті өртейтін өкініш, бірақ мен ешнәрсені өзгерте алмаймын. Мен бұрынғыдай Ярославамен жұп болып шығамын. Бір қуантары, менен кейін тізімде Яра тұр, Ярослава менің орнымды басатын болды. Жеке лей сында да қазақстандық спортшыға дауыс бере аласыздар!», - деп жазды Г. Воскобоева өзінің Instagram парақшасына.
31 жастағы Воскобоеваны 28 жастағы Ярослава Шведова алмастырады. Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы жапондық Мисаки Дои болмақ.