Қазақстандықтар «5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» маңыздылығын бағалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар «5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның маңыздылығын бағалады. Ресми БАҚ-та Қоғамдық-саяси үдерістердің сараптамалық-жобалық бюросының 2015 жылғы 9-11 маусым арасында жүргізген қоғамдық пікірлерге сауалдамасы жарияланды.
Реформаның әрбір бағыты бойынша неғұрлым маңызды қадамның бірінші «үштігі» (10 баллдық жүйе бойынша бағалау)
І. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1. Мемлекеттік қызметкерлерді жұмыс нәтижесі бойынша еңбекақы төлеуге көшіру (9,7 балл)
2. Жемқорлықпен күресті күшейту (9,6 балл)
ІІ. ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1. Сот қызметіне үміткерлерді таңдау тетіктерін және біліктілік талабын қатайту (9,6 балл)
2. Полиция қызметкерлерін таңдау жүйесін біліктілік әдісі негізінде жақсарту (9,5 балл)
3. Соттардың есептілігін күшейту (9,3 балл)
ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
1. Жол-көлік инфрақұрылымдары, қуат үнемдеу, туристік кластерлер құру, сүт және сүт өнімдері өндірісі салаларына стратегиялық инвесторларды тарту (9,8 балл)
2. Қазақстанды халықаралық көліктік-коммуникациялық ағымға интеграциялау (9,6 балл)
3. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанынан медициналық қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссия құру (9,5 балл)
IV. БІРТЕКТІЛІК ЖӘНЕ БІРЛІК
1. «Мәңгілік ел» патриоттық акт жобасын әзірлеу (9,7 балл)
2. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жоба (9,5 балл)
3. «Менің елім» ұлттық жобасын әзіәрлеу және жүзеге асыру (9,3 балл)
V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1. «Ашық үкіметті» енгізу (9,6 балл)
2. Стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламасының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы мемлекеттік органдар басшыларының халық алдындағы жыл сайынғы сөздерін тәжірибеге енгізу (9,5 балл)
3. Мемлекеттік аппарат жұмысын аудиттеу мен бағалаудың жаңа жүйесін енгіізу. (9,2 балл)
Қоғамдық пікірлерге сауалдаманы Қоғамдық саяси үдерістердің сараптамалық-жобалық бюросы 2015 жылдың 9-11 маусым аралығында телефонмен сұхбат әдісімен жүргізді. Сауалдамаға қалалар мен ауылдық жерлерде тұратын жасы 18-ден асқан 1200 қазақстандық қатысты. Зерттеуге 14 облыс пен Астана және Алматы қалалары қамтылды. Іріктеу қателігі 2,8 пайызды құрады.