Қазақстандықтар ақпараттың 45 пайызын интернеттен алады - VIII халықаралық PR форумы

АЛМАТЫ.  17 мамыр. ҚазАқпарат  - Қазақстандықтар  қазіргі таңда  ақпараттың 45 пайызын интернеттен алады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өз жұмысын бастаған VIII халықаралық PR форумда айтылды.

«DASM компаниялар тобының стратегиялық медиа-жоспарлау бойынша директоры Денис Филенковтың сөзіне қарағанда, Қазақстанда соңғы бес жылда интернет аса жоғары қарқынмен дамуда. Мәселен 2006 жылы халық ақпараттың  10 пайызын ғаламтордан алатын. Қазір бұл көрсеткіш  45 пайызға дейін жетіп отыр. Ол екінші медиаға айналды. Бұл мәселе алдағы екі күннің ішінде дәстүрлі форум кезінде  жан-жақты талқыға түспек.  Онда: «On-line және Off-line: мүмкіндіктер шекарасы», «Дағдарысқа қарсы коммуникациялар», «SMM. Даму жолдары» деген тақырыпта  панелдік пікірталастар. «Тиімді қаржылық коммуникациялар. ІРО және халықтық ІРО», «Сәтті корпоративті PR Event-тің баламалы технологиялары» cекциялық мәжілістері. «Қиын аудиториямен жұмыс жасау технологиялары», «The social enterprise: like riding a bike» шеберлік сыныптары   жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар