Қазақстандықтар бүгінде Қытайға баруға виза ала алмай жүргендіктеріне қобалжулы ? Н.Рүстемов

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстандықтар бүгін Қытайға баруға виза ала алмай жүргендіктеріне қобалжулы.
None
None
Бұл туралы бүгін Қытай Елшісімен кездесуі барысында Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрбах Рүстемов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл әрине жекелеген мәселеге қатысты болуы да мүмкін. Мен оны мемлекеттік деңгейдегі мәселе деп ойламаймын. Дегенмен алдағы уақытта Қазақстан азаматтарында мұндай мәселе болмайды деген ойдамын», - деді Мәжіліс депутаты. Бұған қоса ол сөзінде жақында құны шамамен 6,5 миллиард долларды құрайтын Батыс Қытай ? Батыс Еуропа трансконтинентальды автомагистралінің қазақстандық бөлігінің құрылысы басталатындығын және оның құрылысы 2012 жылы аяқтау жоспарланып отырғандығын айтты. Сондай-ақ Нұрбах Рүстемов қытай тарапын «Қорғас» бекеті арқылы Қытай мен Қазақстанды жалғастыратын теміржол өткелінің құрылысын аяқтау жөніндегі келісімді жеделдетуге шақырды.
Соңғы жаңалықтар