Қазақстандықтар сертификат орнатпастан шетелдік сайттарға кіре алады - Байланыс комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар сертификат орнатпастан шетелдік сайттарға кіре алады. Бұл ретте заңға қайшы әрекеттер жасау үшін пайдаланылатын жекелеген шетелдік ресурстарға кіруге шектеу қойылуы мүмкін.

Қазақстандықтар сертификат орнатпастан шетелдік сайттарға кіре алады - Байланыс комитеті

Бұл туралы ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінен хабарлады.

Айта кетерлігі, 2016 жылдың 1 қаңтарында браузерлер мен вебсайттар үшін «электронды куәлік» деп аталатын ұлттық сертификат іс-қимылын регламенттейтін заңнамаға түзетулер күшіне енген болатын.

Қазіргі уақытта технология пайдаланушылар ақпараттарды беру барысында шифрлау үшін HTTPS сертификатын жиі қолданады. Бұл сертификат арнайы файл түрінде болады. Мұндай SSL-сертификаттар пайдаланушының компьютеріне және интернет-ресурстарға да орнатылады. Бастапқыдағы оның негізгі мақсаты кірушіні немесе сайт иесін олардың өзара сенімділігін нығайту болған. Кез келген заманауи гаджет өзінің операциялық жүйесінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушіден, байланыс операторынан бастап үкіметтік мекемеге дейінгі мұндай бірнеше ондаған сертификатты қамтиды. Мәселен, мұндай сертификаттар клиенттердің интернет арқылы банкке, пайдаланушылардың «е-Үкімет» компоненттеріне жүгінген кезінде пайдаланылады.

Өз кезегінде желілік қауіпсіздікпен айналысуға маманданған ұйымдарға жеке корпоративтік сертификат пайдалану өздерінің желілеріне әлеуетті зиянды белсенділікті сараптауға мүмкіндік береді. Бұл шифрланған хаттаманың пайдалану мақсаты белгісіз болған кезде интернет желісіндегі көптеген ақпараттық қауіп қатерінен жалтаруға көмектеседі.

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бұл әдісті пайдалану құқық қорғау органдарынан қажеттілік туындаған шақта күдікті халықаралық трафиктің мазмұнына сараптама жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондықтан да әлеуметтік желі пайдаланушыларға, электронды коммерцияға, банк секторына, сонымен қатар интернет желісін ұлттық сегментте пайдаланушыларға мұның еш қатысы жоқ.

Ведомство өкілдері бұл өзгерістер интернет саудаға және банкингке еш әсер етпейтіндігін, қорғалған қосылуды пайдаланатын мұндай порталдарға кіру де шектелмейтіндігін нақтылады.

Сонымен қатар сарапшылар халықаралық трафиктің өтуін регламенттейтін заңнамаға өзгертулер арнайы және құқық қорғау органдарына бұл салада бар өкілеттіктен басқа өкілеттік бермейтіндігін атап өткен.

«Біз бұл жаңашылдықты киберқауіпсіздікті нығайту, халықаралық лаңкестікпен, балалар порнографиясымен, трансұлттық қылмыспен күрес тиімділігін арттыру бойынша технологиялар шаралар ретінде қарастырамыз. Қауіпсіздік сертификатын орнатудан бас тартуға болады. Сертификатты орнатудан бас тартқан пайдаланушыларға ешқандай да санкция қолданылмайды. Яғни, бұл байланыс қызметін көрсететін опаратордың жауапкершілік аясы. Шифрлеу хаттамасын пайдаланылмайтын интернет-ресурстарға немесе сервистерге кіру шарты өзгермейді», - делінген ведомство ақпаратында.