Қазақстандықтар жеңіл автокөліктерді тасымалдауда Беларустағыдай жеңілдікті режим жұмыс істейтін болады

; АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан азаматтарының жеңіл автокөліктерді тасымалдау кезінде Беларустағыдай жеңілдікті режим жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін Астанада Кеден одағы мәселесіне арналған дөңгелек үстелде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандықтар үшін жеңіл автокөліктерді тасымалдау - жеңілдікті режим арқылы іске асырылады. Мұндай режим Беларус мемлекетінде жұмыс істеуде. Біз Беларус жүйесін алуды шештік. Біздіңше, бұл жан-жақты ойластырылған. Бұл режим жаңа, әрі қымбат автокөлікті алуға қауқары жоқ азаматтар үшін қолайлы», деп атап өтті Ө. Шөкеев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл режим автокөліктің жылына және қозғалтқыш көлеміне қарай икемді ставкаларды қарастырады. Сондай-ақ, 3 және 10 жыл мерзімде шығарылған автокөліктер үшін жеңілдікті ставкалар бекітеді.

Соңғы жаңалықтар