Қазақстандықтардың 85 пайыздан астамы еуразиялық идея ықпалдастығынан жағымды үрдістер мен нәтижелерді күтеді - Б. Майлыбаев

None
None
ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстандықтардың 85 пайыздан астамы еуразиялық идея ықпалдастығынан жағымды үрдістер мен нәтижелерді күтеді.

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан саясаттанушыларының конгресі кезінде баяндама жасаған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев мәлім етті.

«Халықты қандай сауалдар мазалайтыны, еуразиялық ықпалдастық ұлттық қөзқарасымызға жауап беретіні бағытында әрдайым мониторинг жасап отыру қажет. Соңғы 17 жыл жасалып келген әлеуметтік сауалнама көрсетіп отырғанындай, қазақстандықтар жалпы ықпалдастықтың жағымды тұстарын қабылдайтындығын көрсетуде», - деді Б. Майлыбаев конгресте сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, 85% астам қазақстандық идеялар, тауарлар және қызметтердiң еркiн айналымына жол ашатын еуразиялық идея оң үрдістер мен мен нәтижелер әкеледі деп сенеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram