Қазақстандықтардың 98,3% -ы «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын қолдайды - сауалдама
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 98,3%-ы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын қолдайды. Еуразиялық интеграция институты 2015 жылғы 3-8 маусым күндері жүргізген қоғамдық пікір сауалдамасының нәтижелері осындай.
«Сұрау салынған қазақстандықтардың 93%-ы қандай да бір дәрежеде Ұлт жоспары - «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» мазмұнынан хабардар», - делінген ресми БАҚ-та жарияланған сауалдама материалдарында.
Ұлт жоспары - бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның рөлі мен маңызын қоғамның қабылдауы:
Сұрау салынған қазақстандықтардың 97,4%-ы Ұлт жоспарын қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге лайықты және сәйкесті жауап деп есептейді.
Қазақстандықтардың 96,7%-ы Ұлт жоспарының елді дамыту мәселелерін жүйелі шешуге жағдай жасайтынын келіседі.
Cұралғандардың 94,7%-ы Ұлт жоспарын жүзеге асыру қазақстандық біртектілікті нығайтуға жағдай жасайды деп есептейді.
Көптеген қазақстандықтардың пікірінше. 100 нақты қадамды жүзеге асыру:
Мемлекеттің өз азаматтарына есептілігін қамтамасыз етуге;
Елдің экономикалық дамуына қуатты серпін беруге;
Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға;
Мемлекеттің жаһандық қауіп-қатерлер алдындағы беріктік қорын жасауға;
Заң үстемдігін қамтамасыз етуге;
Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға;
Қазақстанның әлемнің дамыған мемлекеттерінің 30-дығына енуіне жағдай жасайды.
Қоғамдық пікірге сауалдаманы 2015 жылғы маусымның 3-і мен 8-і аралығында Еуразиялық интеграция институты жүргізді. Халыққа сауалдама телефондық сұхбат тәсілімен жүзеге асырылды. Қалалық және жергілікті жерлерде тұратын 18 жастан асқан Қазақстанның 1250 азаматына сауалдама жүргізді. Іріктеу географиясы: 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары.