17:29, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қазақстанға Эстония Премьер-Министрі ресми сапармен келеді
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қыркүйектің 7-сі мен 9-ы аралығында Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансипа Қазақстанда ресми сапармен болады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің айтуынша, сапар аясында эстон Премьер-Министрі еліміз басшылығымен кездесіп, екіжақты қатынастардың кең ауқымды мәселелері төңірегінде, нақтырақ айтқанда көлік, білім және ғылым саласындағы өзара ықпалдастық, халықаралық ұйымдар аясындағы диалог, сондай-ақ жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасады деп күтілуде.