Қазақстанға ГРЕКО-ға кіру туралы ұсыныс жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға Жемқорлықпен күрес елдері тобына (ГРЕКО) кіруге ұсыныс жасалған. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында Қаржы полициясы ақпараттық-сараптамалық департамент басшысы Олжас Бектенов айтты.
None
None

«Қазіргі уақытта Қазақстанның ГРЕКО-ға өту мүмкіндігін Президент Әкімшілігі қарастырып жатыр. Бұл ұйымға кіру халықаралық жемқорлыққа қарсы рейтингте Қазақстанның беделін көтере түседі», - деді О.Бектенов.

Соңғы жаңалықтар