Қазақстанға импортталатын тауарлардың жартысына жуығында сәйкестік сертификаты жоқ - А. Перуашев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға импортталатын тауарлардың жартысына жуығында сәйкестік сертификаты жоқ. Бүгін Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осылай айтты. Еске салайық, жиын барысында тұтынушы өнімдерін техникалық реттеу мәселелері талқыланған болатын.
«Кеден одағының техникалық регламенті туралы заң күшіне енген бр жылдың ішінде Қазақстанға келген сәйкестігі туралы сертификттары жоқ тауарлар 46 пайызды құрап отыр. Бұл нені білдіреді? Бұл біздің елімізге келіп жатқан импорт тауарларының жартысы қауіпті деген сөз. Өйткені, ондай тауарды ешкім растамайды да, оған ешкім кепілдік бермейді де. Тіпті олардың қауіпсіздік нормасына жауап беретінін де ешкім дәлелдей алмайды. Ең ақыры ондай тауарларды рыноктан алып тастау да қиын шаруа болып отыр әрі бұған ешкім де жауапты болмайды», - дейді Азат Перуашев.
Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаты Ресей тарапы техникалық реттеу нормаларын белсенді түрде пайдаланып, осылайша өз рыногын қорғаштап отырғанын алға тартады. «Ал біздің мемлекеттік органдар, өкінішке қарай техникалық реттеу нормалары аясындағы мүмкіндіктерді қалт жіберіп отыр», - дейді А. Перуашев.