18:20, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Қазақстанға шетелдік инвестициялар құю үрдісі бұдан әрі қарай да сақталады - Г.Марченко
АЛМАТЫ. Маусмның 3-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қаржы секторындағы және жалпы экономикадағы қазіргі жағдайды ескеретін болсақ, Қазақстанға шетелдік инвестициялар құру үрдісі бұдан былай да сақталады, - деп мәлім етті IV қазақстандық инвестициялық саммитте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко.
Ол тікелей шетелдік инвестициялар ең алдымен мұнай-газ секторына, кен-руда өнеркәсібі мен металлургияға белсенді жүріп жатққанын атап өтті. Ал ішкі тұтынуға жұмыс жасайтын салаларды, шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығын негізінен банктер қаржыландыруда.
Бүгінде банк секторының жағдайы өздігінен тікелей шетелдік инвестициялардың елімізге ағынын тоқтата алмайды», - деп атап өтті істің жайы туралы Григорий Марченко.