Қазақстанға Вьетнам Премьер-Министрі ресми сапармен келеді
Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сапар барысында жоғары мәртебелі қонақ еліміздің басшылығымен кездесіп, бірқатар келіссөздер жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша энергетика, білім салаларындағы ынтымақтастық туралы, ортақ инвестицияларды қолдау және қорғау, азаматтардың уақытша еңбек қызметтері туралы, сондай-ақ екі ел азаматтарының сапар шегу мәселелеріне қатысты бірқатар келісімдерге қол қою жоспарланып отыр», деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, сондай-ақ сапар шеңберінде Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен бизнес форум өтетін болады. «Айта кететін жайт, бұл екі мемлекет қатынастары тарихындағы соңғы 15 жылдағы жоғары деңгейдегі алғашқы сапар», деді ресми өкіл.