10:42, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстанмен 6-8 келісімшарт жасалуы мүмкін ? Беларус вице-премьері
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Беларус Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Владимир Семашко, беларус делегациясының Қазақстанға жасап отырған жұмыс сапары іскерлік қарым-қатынастарға серпін беретіндігіне үмітті.
![None None](/static/img/plug.webp)
Қарағанды облысына жасаған сапарының қорытындысы бойынша Беларус вице-премьері журналистерге қысқаша сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазақстаннан не алуға болатынын біз түсіндік. Оған қоса, экспорттық әлеует де жоқ емес. Қазақстанның Премьер-Министрімен, Қарағанды облысының әкімімен жүргізген келіссөздер, біздің тауарларымызды өткізуге мүмкіндіктердің бар екенін көрсетіп отыр», - дейді В.Семашко. Бұл жерде бірлескен кәсіпорындар құру туралы сөз болып отырғанын нақтылаған Беларус вице-премьері, «Қазақстан тарапы да осындай қадамға баруға, белгілі бір салымдар жасауға әзір отыр», - деді. В.Семашконың айтуынша, сапар нәтижесі бойынша «ең аз дегенде 6-8 келісімшарт «пісіп-жетіліп» отыр. «Мысалы, БелАЗ көліктерін құрастыратын бірлескен кәсіпорын құратын болып келістік. Азық-түлік өнімдерін шығаратын бірлескен кәсіпорын бойынша да жобалар бар. Біз өз қуатын толық пайдалана алмай отырған кез-келген сүт зауытына қаржы салуға, өз жабдықтарымыз пен технологияларымызды әкелуге дайынбыз», - дейді В.Семашко.