Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты нығайту - Үндістан сыртқы саясатының басым бағыты - Ш.Анил

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Азиялық саяси партиялардың Халықаралық Конференциясы V Бас Ассамблеясының жұмысына қатысып жатқан Үндістан делегациясымен кездесу өткізді,

Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты нығайту - Үндістан сыртқы саясатының басым бағыты - Ш.Анил

деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қазақстан-үндістан ынтымақтастығын, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Үндістанмен достық қарым-қатынастарға зор маңыз береді, бұл үшін біздің мемлекетіміздің ауқымды мүмкіндіктері бар»,- деді М.Көпеев.

Төраға орынбасарының айтуынша, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға Президент Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылы қаңтарда Үндістанға сапары жаңа серпін берді.

Қол жеткен келісімдерді жүзеге асыруға парламентаралық дипломатия да ықпал етеді. Сенатта Үндістан Парламенті жоғарғы палатасымен ынтымақтастық тобы қызмет етеді.

Делегация басшысы, Үндістан ұлттық конгресі Жұмысшы комитетінің өкілі Шастри Анил өз кезегінде, Қазақстан басшылығын, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясын осындай беделді жиынды өткізуге және ұйымдастыруға ризашылығын білдірді.

Ш.Анилдің айтуынша, Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты нығайту Үндістан сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады.