Қазақстаннан Ресейге екі мыңнан астам жүк көлігі жеңілдетілген тәртіппен кірді

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Федералдық кеден қызметі Қазақстаннан ел аумағына 2 122 жүк көлігінің жеңілдетілген тәртіппен өткенін хабарлады, деп мәлімдейді агенттіктің меншікті тілшісі.

Из Казахстана в Россию въехало более двух тысяч грузовиков по упрощенной процедуре
Видеодан алынған скрин

Ведомство Telegram-арнасында Тольятти қаласындағы уақытша сақтау қоймаларының бірінде түсірілген жүк көліктері көрсетілген видеоны жариялады.

Еске салайық, 2025 жылғы 24 қазанда Ресей Президентінің №778 Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстаннан Ресейге автокөлікпен тауар тасымалдау үшін уақытша жеңілдетілген режим енгізілген болатын. Ол 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

Аталған мерзім ішінде Қазақстан мен Қырғызстаннан Ресейге тауарларды ЕАЭО тауар мәртебесін растаусыз және міндетті маркалауды талап етпей-ақ автокөлікпен жеткізуге рұқсат беріледі.

Бұған дейін ЕАЭО аумағында жүк тасымалын бақылаудың жаңа жүйесі енгізілетіні хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар