Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА.KAZINFORM — Синоптиктер Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады.
Атырау облысында 22 қаңтарда қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын байқалады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады. Түнгі және таңғы уақытта облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында нөсерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы өңірлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ осы аймақтарда тұман болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ пайда болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың шығысында батыс бағытына ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында тұман болады.
Абай облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыс және шығыстан соғатын жел Аягөз ауданында күндіз секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын байқалады. Шығысы, оңтүстігі және орталығында тұман болады.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысында түнде батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз де қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ сақталады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Бүгін елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатыны хабарланған еді.