Қазақстанның 15 өңірінде күн райы бұзылады - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер 2 ақпанда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Алматы облысында жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және орталығында тұман болжанып отыр.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман мен көктайғақ болжанып отыр.
Қостанай облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың орталығы, оңтүстігі және солтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында түнде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және орталығында тұман болжануда.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде нөсерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжануда. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі.