Қазақстанның барлық өңірінде күн райына байланысты ескерту жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің 17 облысында, сонымен қатар мегаполистерде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с жетеді. Алматы қаласында түнде бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 18-23 м/с жетуі ықтимал. Қонаев қаласында түнде бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 18-23, кей уақытта жылдамдығы 28 м/с жетуі мүмкін.
Түнде Ұлытау облысының шығысында кей уақытта жаңбыр құяды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, шығысында оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазған қаласында түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с жетеді. Талдықорған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с дейін барады.
Түнде Қарағанды облысының батысында, орталығында кей уақытта жаңбыр құяды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Түркістан қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с дейін баруы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с дейін барады.
Түнде Ақмола облысында күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр құяды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семей қаласында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр құяды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Өскемен қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с дейін баруы мүмкін.
Таңертең және күндіз Павлодар облысының оңтүтігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Павлодарда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысында жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау қаласында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с дейін барады.
Астана қаласында кей уақытта найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман басады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысын, орталығын тұман басады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Бұған дейін хабарланғандай, Қызылордада сәуір айының ауа райы болжамы жарияланды.