Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, найзағай ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM — 18 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысы мен Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

осень, күз, листья, жапырақ, парк, саябақ
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда да жоғары өрт қаупі бар.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталатыны ескертілді.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысында батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-18 м/с болады. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градусқа дейін қатқақ сезіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда күз жылы әрі құбылмалы болады деп болжанып отыр.