Қазақстанның дамуы бүкіл Орталық Азияның ілгерілеуіне ықпал етеді – өзбекстандық сарапшылар

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауын талқылауға арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Қазақстанның дамуы бүкіл Орталық Азияның ілгерілеуіне ықпал етеді – өзбекстандық сарапшылар
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Жиынға Өзбекстан Олий Мажлисінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, дипломаттар, белді сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Олар Жолдауда көтерілген бастамаларға пікір білдіріп, өңірлік интеграция мүмкіндіктерін талқылады.

Атап айтқанда, кеңесте сөз алған Өзбекстанның Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Акрамжон Неъматов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру ұсынысына тоқталды.

Қазақстанның дамуы бүкіл Орталық Азияның ілгерілеуіне ықпал етеді – өзбекстандық сарапшылар
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зор ықыласпен тыңдап шығып, құжаттың өңірлік интеграцияға бағытталған бөлімдеріне ерекше назар аудардым. Яғни, ол өз сөзінде қазіргі халықаралық жағдайдың күрт өзгеріп жатқанын атап өтті. Бұл ретте Орталық Азия елдері өзара сенімге негізделген серіктестікті жалғастыра беруі тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан экономикалық дамуға серпін беретін жаңа бағытқа – цифрлық трансформацияға бет алды. Көршіміздің ілгерілеуі бүкіл Орталық Азияның алға жылжуына сеп болары сөзсіз. Оның үстіне біздің мүддеміз бен мақсатымыз ортақ, - деп пікір білдірді Акрамжон Неъматов.

Қазақстанның дамуы бүкіл Орталық Азияның ілгерілеуіне ықпал етеді – өзбекстандық сарапшылар
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Кеңесте баяндама жасаған тағы бір белді өзбекстандық саясаттанушы Равшан Назаров Қазақстан елдің кешелек сұлбасын қалыптастыруға кірісіп кеткенін мәлім етті. Оның айтуынша, технологиялық даму болмай, стратегиялық межелерге қол жеткізу мүмкін емес.

Қазақстанның дамуы бүкіл Орталық Азияның ілгерілеуіне ықпал етеді – өзбекстандық сарапшылар
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

- Қазақстанның цифрлық транформацияға бет бұрып жатқаны бізді ерекше қуантады. Тиісінше, балалардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастама өз уақытында жасалған ұсыныс деп есептеймін. Қазірден қам жасаған мемлекет әрқашан алда болады. Бұл өз кезегінде аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға, тату көршілік қағидасына негізделген елдердің ықпалдастығын бекемдей түседі, - деп тоқталды Равшан Назаров.

Жиынға қатысқан өзбекстандық депутаттар да Орталық Азиядағы байланыстарды дамытып, Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдіретіндерін атап өтті. Бұл ретте тек орталық аппарат деңгейінде емес, сондай-ақ аймақтық дәрежедегі қарым-қатынастарды нығайтып, өзара инвестиция көлемін арттыруға ден қою маңызды.

Қазақстанның дамуы бүкіл Орталық Азияның ілгерілеуіне ықпал етеді – өзбекстандық сарапшылар
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Еске салайық, биыл 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялған болатын. Онда Мемлекет басшысы елдің келешек дамуына қатысты жоспарын ұсынды. Атап айтқанда, жасанды интеллектіні енгізу, өзекті мәселелерді цифрлық өзгерістер арқылы шешуге басымдық берілді.

Соңғы жаңалықтар