Қазақстан дзюдо құрамасы Asian Open турнирінде сегіз медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошылар Тайбэйде өткен Asian Open турнирін сегіз медальмен аяқтады.
Жарыста Мәди Жеткерген (73 келіге дейін) мен Санжар Жаббаров (+100 келі) чемпион атанды.
Күміс жүлдені Мейірбек Байзақов (66 келіге дейін) пен Айшабибі Мұрадимова (52 келіге дейін) жеңіп алды.
Ал қола жүлдегерлер қатарында Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келіге дейін), Мәди Еділбаев (+100 келі) және Аяна Дүйсенбай (48 келіге дейін) бар.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленді (7 алтын, 5 күміс, 10 қола). Екінші орын Жапонияға бұйырды (4 алтын, 1 күміс, 2 қола).
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық құзға өрмелеушілер Әлем кубогының кезеңінде қалай өнер көрсеткенін жазғанбыз.