Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарының чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – VI Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында өткен семсерлесу жарысында Қазақстанның ерлер құрамасы алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарының чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Ақтық сынға жолдама алған қазақстандық семсерлесушілер шешуші кездесуде Сауд Арабиясы құрамасымен кездесіп, 45:29 есебімен айқын басымдық көрсетті.

Жарыс барысында ұлттық құрама тактикалық үстемдік танытып, қарсыластарынан ұпай жағынан да, жекпе-жек қарқыны жағынан да алда болды.

Мамандардың айтуынша, бұл жеңіс Қазақстанның семсерлесу спорты бойынша халықаралық деңгейдегі тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

VI Ислам ынтымақтастығы ойындарына әлемнің ондаған елінен спортшылар қатысуда.

Айта кетейік, семсерлесушілеріміз Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар