Қазақстаннның Қытайдағы елшілігіндегі сайлау учаскесі парламенттік сайлау өткізуге әзір
Дипломаттың атап өтуінше, 2012 жылғы 15 қаңтарда белгіленген Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына әзірлікте елшілік Қытайда тұратын немесе уақытша болып отырған Қазақстан азаматтарының арасында үлкен жұмыстар жүргізді.
Қ.Сәрсембековтің айтуынша, қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері Бейжіңде оқып жатқан студенттермен, сондай-ақ қазақстандық азаматтармен кездесулер өткізіп, сайлау туралы ақпарат берді және оған қатысуға шақырды. Шетелдік мекеменің веб-сайтында елшіліктің сайлау учаскесінің жұмысы туралы тиісті ақпарат орналастырылған.
«Бейжің сайлау учаскесі сайлау заңнамасының қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес тиісті қажетті жабдықтармен жарақтанған және жұмысқа толық әзір», деп сөзін түйіндеді Қ.Сәрсембеков.