Қазақстанның 5 қаласында Франкофония аптасы өтеді

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Кеше елордадағы Франция альянсының ғимаратында алдағы аптада басталатын Франкофония мерекесіне орай баспасөз мәслихаты өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Наурыздың 10-ы мен 21-і аралығында өтетін аталмыш шара елордада, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Қостанай қалаларында ұйымдастырылады. «Франкофония аптасы аясында концерттер, әдеби оқылымдар, конкурстар өтіп, 5 қаланың кинотеатрларында фильмдер көрсетіледі», - деді Францияның Қазақстандағы елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі атташесі Марион Юг. Сонымен бірге, осы күндері «Padam» атты Францияның танымал тобы Қазақстан бойынша эксклюзивті концерттерін беріп, Швейцария жазушысы Коринна Бий шығармашылығына арналған конференция, франкофонияның 10 сөзі бойынша фотосурет байқауы ұйымдастырылады.Франкофония аптасын Франция альянсы мен Францияның, Канаданың, Швейцарияның және Бельгияның Қазақстандағы елшіліктері ұйымдастырып отыр.
Соңғы жаңалықтар