Қазақстанның әнұраны түрлі музыкалық аспаптарда қалай естіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік әнұраны түрлі музыкалық аспаптарда әдемі әрі құлаққа жағымды естіледі. «ҚазАқпарат» ХАА авторлардың дипломатиялық қабылдауларда, концерттерде және көшелерде еліміздің басты музыкасын орындап жатқан видеоларының топтамасын дайындады. 

Қазақстанның әнұраны түрлі музыкалық аспаптарда қалай естіледі


Таяуда Астанада Әзербайжанның танымал әртістері Қазақстанның әнұранын өздерінің ұлттық аспаптарында - балабан мен тарада орындады. Балабан - қос таяғы бар тілдік ағаш үрлемелі музыкалық аспабы. Оның 9 ойын тесігі бар тұтқасы бар. Тар - ішекті шертпелі (плекторлық) музыкалық аспап.

Әнұран саксофонмен былайша естіледі. Америкалық әнұранды АҚШ-тағы Гарвард университетінің ішкі ауласында орындады.

Жапонияның жас пианиношыларының бірі Джунна Ивасаки Қазақстанның әнұранын рояльда ойнады.

Видео авторының айтуынша, Қазақстанның басты музыкасын шотландық флейтада орындаған.

Әнұранымыз электронды гитарада да ерекше естіледі екен. Оны 22 жастағы астаналық Думан Баетов орындаған.

Сондай-ақ №2 Байқоңыр қалалық балалар музыкалық мектебінің оқушысы Сәбина Жанұзақова гимнді скрипкада ойнады.

Қазақстанның әнұраны скрипкамен Оңтүстік Кореяда да орындалды.

Ал мынау - Алматыдағы гимназия оқушыларының, жас музыканттардың өнер көрсетуі. 2015 жылы қыркүйекте 5000-нан астам адам Қазақстан Республикасының әнұранын «Мәңгілік Ел» театрландырылған шоуда шырқады.

Еске салайық, 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. «Менің Қазақстаным» - 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұранының әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов (1956), Нұрсұлтан Назарбаев (2005) жазды.