14:15, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстанның әрбір облысында, тіпті аудан орталықтарында Karl Storz GmbH & Co. KG компаниясының медициналық құрал-жабдықтары бар ? Ж.Досқалиев
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Karl Storz GmbH & Co. KG компаниясының президенті Сибилл Шторц ханымға төс белгісін тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Астана қаласының Ана мен бала ұлттық орталығында басталған халықаралық конгресс барысында Karl Storz GmbH & Co. KG компаниясының президенті Сибилл Шторц ханым Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлкен үлесі үшін «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. Сонымен бірге, Халықаралық конгрестің алғашқы күні Сибилл Шторц ханымға Қазақстандағы эндобейнехирургия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығының құрметті профессоры» атағы берілді. «Қазақстанның әрбір облысында, тіпті аудан орталықтарында Karl Storz GmbH & Co. KG компаниясының медициналық құрал-жабдықтары бар. Аталмыш компанияның қазақстандық нарыққа келгеніне 15-16 жыл толды. Осы жылдар ішінде Karl Storz компаниясы осы күнге дейін лайықты сенімге ие болды. Бүгінде компания бізге заманауи жабдықталған тренинг орталығын сыйлап отыр», - деді Ж.Досқалиев.«Karl Storz компаниясына және біздің өнімге деген сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін бүгінгі Халықаралық конгресс ғылыми пікір алмасу, дәрігерлер, ғалымдар мен сарапшылардың бір-бірімен кездесуі болып табылады. Барлық заманауи коммуникациялық тәсілдер бар болса да медициналық көмекті жақсарту үшін бетпе бет тілдесу қажет. Осымен 60 жыл қатарынан Karl Storz компаниясының мақсаты дәрігерлермен тікелей диалог орнату болып табылады. Мен бүгін және келешекте Астанада осындай бірлескен ғылыми тәжірибелермен алмасу мүмкіндігіне ие болғанымызға айрықша ризамын», - деп атап өтті Сибилл Шторц ханым.