11:30, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Қазақстанның бастамасымен Австрияда есірткінің заңсыз айналымға түсуіне қарсы күрес жөнінде конференция өтіп жатыр
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Венада (Австрия) Қазақстанның бастамасымен есірткінің заңсыз айналымға түсуіне қарсы күрес жөнінде конференция өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі атап өткеніндей, іс-шара, ең алдымен ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заңсыз айналымға түскен есірткі және психотроптық заттармен күресін күшейтуге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті қолдауға, сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің құқық қорғау және арнайы органдарының өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған.
Форумды ұйымдастырушылар ЕҚЫҰ-дағы ҚР Тұрақты өкілдігі, ҚР ІІМ, ҚР СІМ және ЕҚЫҰ полиция қызметінің стратегиялық мәселелері бөлімі болып табылады.