Қазақстанның бастамасымен ЕҚЫҰ аясында есірткіге қарсы күрес мәселелеріне байланысты конференция өткізіледі

ЕНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның төрағалығының бастамасымен Венаның Хофбург сарайында шілденің 8-і мен 9-ы аралығында есірткіге қарсы халықаралық күрестің белсенділігін арттыру мәселелеріне қатысты конференция өткізілмек, деп хабарлайды Ұйымның баспасөз қызметі.
None
None

Конференция барысында ЕҚЫҰ-ға 56 қатысушы-мемлекеттер өкілдері, соның қатарында осы бағыттағы есірткіге қарсы құрылымдар жетекшілері мен беделді халықаралық сарапшылар тараптардың есірткіге қарсы күрестің тиімділігін арттыру мен тәжірибе алмасуды нығайту мәселелерін талқыламақ.

Конференциядағы қазақстандық делегацияның жұмысына ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов басқарады. Іс-шараға сонымен қатар АҚШ, Ауғанстан мен Колумбияның есірткіге қарсы ведомстволарының жетекшілері де қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар