Қазақстанның беделі мен тәжірибесінің арқасында халықтың тұрмысын жақсартуға қол жеткізе аламыз деп үміттенемін - Днестр бойы басшысы И.Смирнов

ИРАСПОЛЬ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - «Қазақстанның беделі мен тәжірибесінің арқасында халықтың тұрмысын жақсарту жөніндегі нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын және үміттенемін», - деп мәлім етті Днестр бойы басшысы Игорь Смирнов.
None
None

Бұл мәлімдемені ол бейсенбі, сәуірдің 1-і күні Тираспольде ЕҚЫҰ -ның Қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер минисрі Қанат Саудабаевпен болған келіссөзден кейін жасады.

Игорь Смирнов, кездесудің танысу мақсатында өтіп, онда ЕҚЫҰ төрағасына істің мән-жайы таныстырылғанын атап көрсетті. Ол сондай-ақ, Днестр бойы мен Молдова тұрғындарының шекараны еркін кесіп өтулеріне, жүктердің өзара қозғалысына, өткір әлеуметтік мәселелердің шешілуіне кедергі болып отырған мәселелерді шешу керек екенін мәлім етті. Осы тұрғыда Тирасполь ЕҚЫҰ-ға және оған төрағалық етіп отырған Қазақстанға үміт артады, дейді Днестр бойы басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Саудабаев Шығыс Еуропа елдеріне сапарының аясында бейсенбі күні Кишинэуде Молдова саясаткерлермен және Тираспольде Днестр бойы басшылығымен кездесулер өткізіп, жұма, сәуірдің 2-сі күні Кишинэуден Астанаға оралды.

Соңғы жаңалықтар