Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның Берлиндегі Елшілігінде қазақстандық оқушылар осы елдегі құрбыларымен кездесті

БЕРЛИН. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігінде қазақстандық оқушылар мен Оберкохен қаласының неміс мектеп оқушылары арасында тәжірибе алмасу бойынша бағдарламаға қатысушылардың кездесуі болды.

Қазақстанның Берлиндегі Елшілігінде қазақстандық оқушылар осы елдегі құрбыларымен кездесті

Мұндай тәжірибе алмасу осымен 17-нші рет табысты жүзеге асырылып келеді.

 Алматы қаласындағы №18 лингвистикалық гимназияның директоры Зәуреш Бейсембаева бастаған 15 қазақстандық мектеп оқушылары мен Оберкохен қаласындағы Эрнст-Аббе атындағы гимназияның оқытушылары Рихард Ландфрид пен Гётц Хопфензит басқарған 14 неміс оқушылары жыл сайынғы дәстүр бойынша Германияның астанасын аралады, ҚР Елшілігінің қызметкерлерімен кездесті және 2009 жылғы қыркүйектің 9-ы мен 29-ы аралығында Германияда болғандары туралы әсерлерімен бөлісті.