Қазақстанның бес аймағында боранға байланысты жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 3 қаңтарда, ҚР ІІМ ТЖК Қазақстанның бес аймағында жолдар жабылғанын хабарлады.
None
None

Осылайша, ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты «Қарағанды-Аягөз-Боғас» а/ж (707-900 ш., Аягоз қ. ­- Ақсуат а.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Ақтөбе облысында боранға байланысты барлық бағыт бойынша көліктің барлық түріне қатынауға шектеу қойылды.

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран) «Қарабұтақ-Денисовка» (231-385 км Ақтөбе обл. шекарасы - Денисовка к.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Қызылорда облысында боран салдарынан «Самара-Шымкент» а/ж (1240-1356 шм Арал қ.-Ақтөбе облысы) аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Атырау облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран) төмендегі учаскелерде көліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды:

Республикалық маңызы бар:

-«Атырау - Ақтөбе» (333-725 ш);

- «Атырау-Астрахань» (755-893 ш);

- «Атырау-Орал» (11-189 ш);

- «Атырау -Ақтау» (0-235 ш);

Облыстық маңызы бар:

- «Мақат-Құлсары» (1244-1331 ш).

Соңғы жаңалықтар